Білікті маман – билік назарында

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті – солтүстік аймақтағы іргелі оқу орындарының бірі. Сонау Кеңес үкіметінен бастап, күні бүгінге дейін өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатып келе жатқан оқу ордасы бағытынан еш жаңылған емес. Қазіргі таңда аталмыш университеттің мыңдаған түлегі еліміздің, сонымен қатар, әлемнің түкпір-түкпірінде еңбек етеді. Жіпке тізер жетістіктері жетерлік. Бір ауыз сөзбен айтар болсақ, ҚМУ республика бойынша көпсалалы ЖОО-дардың үздік ондығына кіреді._MG_9058
_MG_9093Бүгін Ахаң атындағы білім ордасының жай-күйімен облыс  әкімі Архимед Мұхамбетов танысты. Облыс ауылшаруашылық саласына ден қоятыны белгілі. Осыған сай, ҚМУ агроөнеркәсіп саласына жыл сайын жас мамандарын қанаттандырып отырады. Осылайша, өңірдің өріс жаюына зор ықпалын тигізеді. Бұл жайлы университеттің ректоры Құсайын Уәлиев аймақ басшысына баяндап берді._MG_9221
_MG_9109
_MG_9113-Университетімізде 7 факультет, 57 кафедра бар. Бас-аяғы бес мыңға жуық шәкірт білім алады. Білім сапасы өте жоғары. Мысалы, «Азық-түлік өнімдерін өндіру» зертаханасы ең соңғы үлгідегі қымбат құрылғылармен жабдықталған. Дәл осы ғылыми-инновациялық орталық белорусиялық және кәріс ғалымдарымен тәжірибе алмасып келеді. Сондай-ақ, бізге Қостанайдағы өндіріс ошақтары университет түлектерін өздеріне жіберуін жиі сұрайды. Сол себепті, өзара келісім-шартқа қол қойдық. Оқу жүйесі де солармен тығыз байланысты. Өйткені, студенттер білімнің 30 пайызын теория жүзінде осы жерде меңгерсе, қалған уақытта кәсіпорындарда тәжірибеден шеберлік жинақтайды,-дейді университет басшысы._MG_9136
_MG_9086
_MG_9187
_MG_9165
_MG_9224Бұдан бөлек, облыс әкімі студенттер жатақханасына бас сұқты. Бұл жерде тәртіп сақшыларымен кездесіп, ішкі бақылауды күшейтуді тапсырды. Себебі, жатақхана бес жүз орындық. Мұнда «Серпін» бағдарламасы арқылы Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен келген студенттер мен облыстың әр аудандарынан жиналған шәкірттер тұрады. Жастардың қауіпсіздігін бақылап, ішкі тыныштықты сақтауға тәртіп сақшыларының көмегі тиеді. Осыны ескерген басшылық жатақхана жанынан полиция қызметкерлеріне арнап бақылау пунктін ашады. Мұнда олар кешкі уақыттарда келіп, түнге дейін кезекшілік ететін болады.IMG_9268
_MG_9260Кейін облыс әкімі жоғарғы оқу орнының бас ғимаратында оқытушылар және студенттердімен кездесу өткізді. Ол сөз әлқиссасын Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын?» деген қанатты сөзімен бастады._MG_9269-Егерде жастарға бар жағдайды жасамасақ, елін сүйетін патриот қайдан шығады? Алаш ардақтысының айтпақ ойы осы еді. Бүгін университеттің бірнеше корпусын аралап шықтым. Сіздердің білім алуларыңызға барлық жағдай жасалған. Шеберліктеріңізді шыңдап қайту үшін шет елдерге де жол ашық. Оқытушылар құрамы білікті, жоғары білімді профессорлармен жасақталыпты. Университет түлектерін жұмысқа орналастыру көрсеткіші 82 пайызға тең. Бұл жақсы көрсеткіш. Десек те, аталған бағыттағы жұмысты әлі де күшейту керек,-деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.IMG_9307ҚМУ-дың ректоры Қ.Уәлиев оқу орнының жетістіктерін де тізбектеп өтті. Университет былтырғы жылы мемлекеттік аттестациядан сүрінбей өтіп, жоғары оқу орындарының республикалық рейтингінде 7 орынға тұрақтады. Білім ошағы «Жаңа үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту» мемлекеттік бағдарламасы мен «Серпін-2050», «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» әлеуметтік жобасына белсенді қатысады.IMG_9316Сондай-ақ, кездесуде студенттер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, оған облыс әкімінің өзінен жауабын естіді. Айтар болсақ, сұрақтар легі мынадай: «Әр студент өзі оқып жатқан мамандығы бойынша келешекте жұмыс таба ала ма?»; «Серпіндік» студенттер Қостанай облысында қалып, жұмыс істеуі міндетті ме?», «Облыс орталығынан шалғай жатқан аудандарға апарар жол қашан жөнделеді? Қыс мезгілінде сол жолдар үнемі таза бола ма?»; «Қала ішіндегі қоғамдық көліктер саны артып, жүру уақыты ұзарса екен?»; «Қазақ тілін білмегенім үшін келешекте жұмысқа орналаса алмауым қаншалықты қиын?».IMG_9376
IMG_9372Облыс әкімі А.Мұхамбетов қойылған әр сұраққа нақты жауап берді. Мәселен, ЖОО-ның кез келген студенті оқу қабырғасында жүріп, өзінің келешек жұмыс орнын іздестіруі керек немесе өз кәсібін ашуға болады. Осы ретте микро-бизнесті дамыту қазір қарқын алып келеді. Ал, серпіндік студенттердің қалу, қалмауы өз еріктерінде. Облыс төңірегіндегі шәкірттер биыл ешнәрседен қам жемесе болады. Алдағы қысқа билік сақадай сай. Биыл бұл тас жолдар жабылмайды. Келер жылы Аманкелді, Жанкелдин аудандарындағы күре жол жөндеуден өтетін болады. Қала ішіндегі қоғамдық көліктерді Базыл Жақыповқа тапсырды. Енді олар кешікпейді. Ал, қазақ тілін білмейтін өзге ұлт өкілдеріне әбігерге түсіп, қам жеудің қажеті шамалы. Елбасы елімізде үш тілді де игеру керек екенін жиі тілге тиек етеді. Сондықтан, орыс тілін қарым-қатынаста қолдануға әсте болады, алайда, мемлекеттік тілді Қазақстанның әр азаматы білген жөн.   _MG_9369
IMG_9374
Кенже ҚОНЫСБАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ
    

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓