Көрген көзде жазық жоқ
Қазақша мәтінге пысқырмайтындардың қатарына жоғарғы оқу орындары да қосылды. Мына үлкен стенд М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің кіреберісіне ілініпті. Мұндағылардың "Ү" мен "У" әріптерінің тұлғасын ажырата алмағандары қалай? Студенттерге дәріс оқитын толып жатқан профессорлардың ешқайсысының назарына ілікпей келгені ме?! Беделіңе болайын – бедеріңде нұқсан бар…