Бас мүфтидің алғыс хатын алды

Осы жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесі туралы 22 және 29 қараша күндері Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасындағы Жастар ісі бөлімінің, сондай-ақ түзету мекемелерінің жылдық қорытынды жиналыстары өтті.Основной фото
Баршаға мәлім, қазіргі таңда барлық өкілдіктерде жастар ісі бөлімі жемісті еңбек етіп, егеменді еліміздің ертеңі болатын жастар тәрбиесіне айтарлықтай ықпалдарын тигізіп келеді. Олар жастар арасында имандылықты насихаттап, салауатты өмір салтын ұстануға шақырған түрлі кездесулер мен спорттық сайыстар ұйымдастырды.
Сондай-ақ, білім ордаларындағы өткізіліп жатқан дәрістер мен уағыз-насихат жұмыстарының сапасын арттыруға да айрықша көңіл бөледі. Сонымен бірге, әр өкілдіктің қызметтеріндегі басты бағыттардың бірі – түзету мекемелеріндегі діни экстремизм бойынша сотталып, жазасын өтеп жатқан азаматтармен жұмыс істеу. Бұл жұмыстар үлкен жауапкершілікті қажет етеді.1
Астанада өткен түзету мекемелеріндегі атқарылған істердің жылдық қорытындысына Қостанай облысының өкіл имамы Бахытбек Тәжімбет пен найб имам Азамат Мурзаканов қатысты. Аталған басқосуда барлық облыстағы өкілдіктердің, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің, ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі мен ҰҚК өкілдері болды. Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесі бойынша Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Қостанай өкілдігінің қызметкері Ғұмар Нәбиұлы және наиб имам Азамат Серікбайұлына арнайы Алғыс хатты салтанатты түрде тапсырылды.5
 
4Бұл марапат – облыстағы барша мешіттердің имамдары және дін қызметкерлеріне берілген баға, көрсетілген құрмет.2
 
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓