Сахнада – Ыбырай әңгімелері

Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығына орай аудандық орталық балалар кітапханасы «Ұлы тұлға – Ы. Алтынсарин» атты әдеби-сазды қойылым өткізді.  Іс-шараға ауданымыздың Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің  2-сынып оқушылары  және сынып жетекшісі Гүлмира Кеңесқызы атсалысты.20161115_104102
     Ұлылар ұлағатын  үлгі еткен білікті ұстаздар мен білімді жастар Ыбырай әлемін асқақтатып, шығармаларын талдап, өлеңдерін оқыды. Кітапхана мамандары оқушылармен бірлесіп жас оқырмандарға әңгіме жанрының ерекшелігін айта отырып, Ы. Алтынсарин әңгімелерінің тақырыптарын, идеясын, қоғамдық мәнін түсіндіру, мазмұны, шынайы өмірден алынғандығына назар аударту, әңгіме кейіпкерлерінің мінез-құлықтарын, іс-әрекеттерін талдау арқылы адамгершілікке, адалдыққа, мейірімділікке, қамқорлыққа шақыру, тарту мақсатында  ұлы ұстаздың  «Жан-жануарлардың таласуы», «Малды пайдаға жарату» атты әңгімелерінен қойылым қойды. 20161115_105020Оқушылар өздерінің кейіпкерлерін бар ынтасымен ойнады. Міне, осындай тәрбиелік мәні бар шара арқылы оқушыларды әр істі ойланып ақылмен жасауға, кішіге қамқор болуға, ата-анасын сыйлап құрмет тұтуға, еңбекқор болуға шақырары сөзсіз. Ал, тұңғыш ұлт  ұстазының әдебиет әлемімен  енді  танысқан оқырмандар  Алтынсариннің таза да мөлдір, кәусар бұлағынан рухани күш-жігер алып тарқасты. 20161115_110112Ыбырай атамыздың әңгімелер әлеміне саяхат жасаған жас көрермендер мен қатысушыларымыз зор қызығушылықпен тыңдап, өздерінің пікірлерімен бөлісті. Оқушылар өздері дайындаған ән-билерін ұсынды. Кеш соныңда кітапхана директоры  Рая Алмағамбетова сөз сөйлеп,   мектеп оқушыларына  және ұстаздарға алғысын білдірді. Қойылымға қатысқан оқушыларға сыйлыққа кітаптарды тарту етті.
 
Зарина МҰСАБАЕВА,
аудандық орталық балалар кітапханасының меңгерушісі
Аманкелді ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓