Рудныйдан Қостанайға дейін

Рудный қаласының студенттері мен мектеп оқушылары Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы құрметіне велошеру ұйымдастырды. Бастамашылар – Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі ұжымы.Шерушілер колледж ғимараты маңынан мәре алды. 50 шақырымдық маршруттың соңғы нүктесі Алтынсарин кесенесі болды. Ол Қостанай қаласынан жеті шақырым жерде, Тобыл өзені жағасында орналасқан. 
Велосипедшілер колоннасында 40 адам болды. Оларға колледждің медициналық қызметкерлері еріп отырды. Шеруге қатысушылар діттеген нысанға келіп, ұлы ұстаз ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.  Сондай-ақ, мавзолей маңына сенбілік жүргізіп, айналасын қоқыстан тазалап кетті.

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓