Жаңа пәтерлер берілді

Федоров ауданында  төрт пәтерлі жаңа салынған үй пайдалануға берілді. Оның құрылысына жергілікті бюджеттен 57 млн.теңгеден астам қаржы жұмсалған. Екі бөлмелі кең де жарық пәтерлер аудан орталығындағы баспанаға мұқтаж жандарға берілді. Бұл жолы аудан әкімі Қ.Ахметов Анастасия Маркилова, балалар үйінде тәрбиеленген Яна Таах және Елизваета Малороеваларға жаңа пәтерлердің кілтін салтанатты жағдайда табыс етті.

уй 4

       Кенттің байырғы тұрғыны Елизавета Малороева үй кезегінде тоғыз жылдан бері тұрады. Бұрынғы үйі құлайын деп тұр. Әбден көнерген. Бір сөзбен айтқанда адам тұрғысыз.
        Ол пәтер кезегінің осынша тез келгеніне сене алар емес. Сондықтан, ол қуаныштан жылап та алды, тіпті жаңа пәтерінің ішінде билеп те берді.

уй 5

        -Расында да әлі сене алар емеспін. Жаңа пәтеріміз өзіме де, қыздарыма да қатты ұнап тұр. Аудан басшысы Қайрат Ахметовке алғыстан басқа айтарым жоқ,-дейді Елизваета Малороева.
         Мұндай жаңа үлгідегі үйлер Федоров кентінде төрт жылдан бері салынып, пайдалануға беріліп келеді. Алғашқы пәтерлерге дәрігерлер қоныстанған болатын. Одан кейін баспанаға мұқтаж мұғалімдер осындай пәтерлерге ие болды. Ал өткен жылы аудан спортын дамытуға үлес қосып жүрген бір топ  мамандарының да жайлы баспанаға қолы жеткен-тұғын.Бұл жолы тұрмысы төмен отбасылар, жетім балалар қоныс тойын тойлады.

уй

          Аудан әкімі Қайрат Ахметовтың айтуынша, төрт жылдың ішінде үй құрылысын салуға 185 млн.теңгеден астам қаржы бөлініпті. Оның 16 млн.теңгесін кәсіпкерлер қосқан.
        -Қазіргі таңда аудан бойынша  217 адам үй кезегінде тұр. Жыл озған сайын олардың қатары сәл де болса азайып келеді. Алдағы уақытта да осындай көп пәтерлі үйлер салуға күш жұмылдыратын боламыз.Өйткені, жергілікті жерлерде мамандарға тиісті жағдай жасалғанда ғана іс алға жылжиды,-дейді аудан әкімі Қайрат Ахметов.

уй1

 
Айбек КӘДІРҰЛЫ
Суреттерді түсірген автор.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓