№13-ші қылмыскер

Қостанай қаласының №2 соты 47 жастағы азамат Х.-ға қатысты қылмыстық істі қарады. Ол жол ережесін бұзып, салдары адам өліміне алып келген.пешеход
Іс материалдары бойынша, осы жылдың 11-ақпанында шамамен сағат 13.30 кезінде облыс орталығында №13 маршруттық автобустың жүргізушісі Х. Алтынсарин көшесімен КСК шағын ауданына бағыт алып бара жатып, Жеңіс көшесі қиылысында бағдаршамның рұқсат белгісін асығыс пайдаланған. Яғни жаяу жүргіншінің жолдан өтіп болғанын күтпей, жасыл түс жанысымен қозғалысты үдетіп қоя береді. Салдарынан қатты соққыдан есінен танған азаматша облыстық ауруханаға жеткізіліп, кейінірек көз жұмды.
Басты сот талқысы осы жылдың 11-мамырында сағат 14.30-да болады.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓