Облысқа инвестиция тартылады
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов ҚР Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин бастаған үкіметтік делегациямен Қытай халық республикасына (ҚХР) іссапармен барды. Бірнеше іскерлік келіссөздерге қатысты.
ҚХР мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Чжан Гаолимен өткен келіссөздер барысында тараптар кең спектрлі мәселелерді талқыға алды. Оның ішінде Қостанай облысының Қытай нарығына бидай экспорттау төңірегіндегі түйткілдер қаралды, айталық, темір рудалы өнімдер тасымалындағы темір жол тарифін төмендету турасында және өзге де өзекті жайттар сөз қозғалды.
Екі күнге созылған іссапар аясында Архимед Мұхамбетов ірі трансұлттық компания басшылығымен және инвестициялық қор өкілдерімен кездесулер өткізіп, көлік құрастыру және ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу салаларындағы жобалар талқыланды.
Облыс басшысы құрылғылар импорты және экспорты бойынша Қытай мемлекеттік компаниясының президенті Сю Шенг ВАНГпен, Anhui Jianghual Automobile Co Ltd (JAC) компаниясының төрағасы Джи АНмен кездесіп, автокөлік саласындағы әріптестіктің келешегі туралы мәселелер қозғалды.
«Группу компаний Аллюр» құрамына кіретін қостанайлық автоөндіріс кәсіпорнының өкілдерімен бірге «СарыАрқаАвтоПром» ЖШС базасында JAC моделінің сериялық өндірісі жобасына инвестиция құю жоспарлары пысықталды.
А.Б. Мұхамбетовтің J.S. Machine компаниясының директоры Мин Лимен кездесуінде біздің облыстың аумағында целлюлоздық-қағаз комбинаты желісін құру жобасының нобайлары назарға алынды. Аталмыш компания қағаз өнеркәсібі құрылғыларын өндіретін әлемдегі көшбасшылар санатында.
"Жібек жолы" инвестициялық Қоры өкілдерімен өткен жүздесуде Қостанай қаласында Агроөнеркәсіптік парк құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыру , сондай-ақ ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу бойынша бірлескен кәсіпорын құру, соның ішінде майлы дақылдар өндірісі мүмкіндіктері қаралды.
Естеріңізге салайық, "Жібек жолы" қоры Жібек жолы және Теңіз Жібек жолы экономикалық белдеуінде орналасқан елдердегі ірі көлемді жобаларға инвестиция құяды.