Індет қайта өршіді

Бүгін Архимед Мұхамбетов коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысын өткізді. Аймақ басшысы бұл туралы "Инстаграм" желісіндегі парақшасында жазды.
Штаб отырысы барысында Қостанай және Лисаков қалалары әкімдерінің баяндамасы тыңдалып, мониторинг топтарының жұмысы қаралды. Мониторинг тобы 2021 жылғы 1-26 маусым аралығында 2 237 рейдтік іс-шара өткізіп, 97 карантиндік шараларды бұзу деректері анықталды.
26 маусымдағы мәлімет бойывнша, барлығы 123 795 адам вакцинацияланған, оның ішінде екінші компонентпен екпе алған адамдар саны – 77 796 адам.
"Аурудың өсу үрдісі байқалады. Вирус жұқтырғандар санының көбеюіне байланысты біздің облыс «сары» аймақтқа енді. Сондай-ақ, «Дельта-штамм» жағдайы анықталды, оның сипаттамалары 2 есе жұқпалы, ауруханаға жатқызу және өлім қаупі жоғары, инкубация кезеңі 7 күнге дейін қысқарады. Осыған байланысты облыстың әрбір тұрғынын өзінің және жақындары мен туыстарының денсаулығын сақтауға қамқорлық жасауға шақырамын", -деп жазады облыс әкімі.
Ол инфекциядан және ауруханаға жатқызудан қорғаудың жалғыз тиімді әдісі COVID-19 вакцинациясының аяқталған курсы екенін айтады.
"Біздің облысымыздың әрбір тұрғының, егер медициналық кері әсері болмаса, КВИ-ға қарсы екпе алуға шақырамын", – деп түйіндеді аймақ басшысы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓