“Менің елім – Мәңгілік Ел” акциясы мәреге жетті
Бір ай бойы еліміздің барлық өңірін қамтыған шара Астанада қорытындыланды. Бұл туралы 24.kz сайты хабарлайды.
Аймақтардағы белсенді жастар өздері тұрып жатқан өңірдің Тәуелсіздік жылдарындағы табыстарын «Жетістіктер кітабының» бетіне түсірді. Келер айдың басында бұл жазбалар жинағы Мемлекет басшысына жолданады.
– Бұл кітаптың ерекшелігі, жастардың басын бейбітшілік пен келісім идеясы төңірегінде жұмылдыру. Және бізді бүгіннен келешекке апаратын тамаша пікірлердің жинағы. Жастардың қатысып, бүгінгі көңіл-күйде болғаны біздің шынымен де келешекке деген үмітімізді арттырып отыр, – дейді Астана қаласындағы түркі мәдени орталығының төрағасы Әскер Пириев.