Хабарландыру

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – ЖТ) мүшелерін іріктеу бойынша және ЖТ отырыстарына қатысуға байқаушылар тізімін қалыптастыру бойынша іріктеу өткізу туралы конкурс өткізіледі.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде (2021 жылғы 7 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 11 желтоқсанды қоса алғанда сағат 18.30-ға дейін).
Пошталық мекенжай: «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ, Қостанай қаласы, әл-Фараби даңғылы, №66-үй, №509-кабинет, жұмыс телефондары: 8(7142) 575600, 575603, 575605, 534420.
Электрондық поштаның мекенжайы: oblmaslihat@kostanayoblmaslihat.gov.kz, 575601@mail.ru, oblsov2016@yandex.ru
Жұмыс тәртібі: «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс сенбі, жексенбі.
 Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мынадай құжаттарды қолма-қол береді немесе электрондық мекенжайға жолдайды:
1) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің 1-қосымшасына сәйкес форма бойынша азаматтың ЖТ құрамына кандидатураны ұсыну туралы өтініші;
2) коммерциялық емес ұйымның кандидатураны (бар болса) ЖТ мүшелігіне ұсыну туралы жазбаша ұсынысы;
3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.
Кандидаттар мен байқаушылар үшін қосымша ақпарат пен өтініш үлгілері Қостанай облыстық мәслихатының https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-oblys-apparaty?lang=ru ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓