Алқабилік – арға сын

Алқабилер соты – сот жүйесіндегі демократиялық институттың бірі. Оның ең басты ерекшелігі қылмыстық істерді қа-рауға тікелей қатысады, бұл әлбетте, қазақстандық соттардың қылмыстық істерді қараудағы кәсібилігін арттырып, іс-тердің ашық түрде қаралуын, үкімнің шығарылу ашықтығын жақсартады.
Без имени-1
Алқабилер туралы заңның I бабында көрсетілгендей,  алқаби – соттың қылмыстық істі заңда белгіленген тәртіппен қарауына қа-тысуға шақырылған және ант қабылдаған ҚР азаматы болып табылады. Ал-қабилер өз міндеттерін іске асыру барысында заңмен белгіленген әділ соттың тәуелсіз кепілдігін сақтайды. Ол және оның жанұя  мүшелерi, мүлiктері мем-лекеттiң қорғауында болады. Сотта өз міндеттерін атқару барысында алқабилердің тәуелсіз, ерікті болуы қамтамасыз етіледі. Сот барысында әділ сот жүргізуге міндетті. Алқабилерге істі тыңдау кезінде сот отырысының залынан кетуге, сот құрамына кір-мейтін адамдармен төрағалық етушінің рұқсатынсыз іс бойынша сөйлесуге  шектеу   қойылған. Істі қа-рау барысында мәліметтерді сот отырысынан тыс жинауға, жабық сот отырысына қатысуына байла-нысты өзіне  белгілі  бол-ған мән-жайлар туралы мәліметтерді жария етуге, кеңесу бөлмесінің құпиясын бұзуға құқылы емес.
Әрбір істі қарауға 12 алқаби, соның ішінде 10 негізгі  және 2 қосалқы алқаби қатысады. Бір адам жылына бір рет тек қана бір іс бойынша алқаби бола алады. Сотқа шақырылған, бiрақ алқабилер алқасының құрамына iрiктеп алынбаған адамдар басқа сот отырысына алқаби ретiнде қатысуы мүмкiн.
Алқабилер сотта қаралатын дәлелдемелерді зерттеуге қатысуға, процеске қатысушыларға төрағалық етуші арқылы сұрақтар қоюға, заттай айғақтарды, құжаттарды тексеріп қарауға, төрағалық етушіге заңнама нормаларын түсіндіруді сұ-рап өтініш жасауға құқы-лы. Бұл алқабиге істі өз бетінше саралауға және алқабилер алқасы алдында қойылатын сұрақтарға жауап беруге мүм-кіндік береді. Кеңесу бөлмесінде судья және негізге құрамдағы алқабилер нақты қылмыстық іс бойынша әрекеттің орын алғаны дәлелденді ме, бұл әрекеттің жасалуына сотталушы кінәлі ме, жекелеген сұрақтарға жауап береді. Бұл ретте алқабилер барлық мәселелерді шешуде судьямен тең құқылы.
Соңғы  жылдары  істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтініштер көптеп түсуде. Мәселен, Қостанай  облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  2013 жылы 16 қылмыстық іс, 2014 жылдың 1 тоқсанында 2 қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралды.
 
Б.АХМЕТҚАЛИЕВ,
Қостанай облысы қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓