Зейнетақыға еңбек өтілі қоса есептеле ме?

Жолдыбай ШӘКІРҰЛЫ,
Қостанай қаласының тұрғыны.
Редакция қоржынына түскен осы хатқа Қостанай облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің жетекші маманы О.Ділдәбекова жауап береді:
– Ж.Шакиров пен К.Шакироваға зей-нетақы есептеуге қатысты өтініш бойынша ЗТМО РМҚК Қостанай облыстық филиалынан зейнетке шыққаны жайындағы құ-жаттары сұратылып, зейнетақы төлемдерін тағайындау заңдылығы тексерілді. Тексеру кезінде алынатын төлемдердің қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес белгіленгені анықталды. Сондықтан қайта қарау, қайтадан құжат жинаудың ешқандай негізі жоқ.