Қоғам болып күресу қажет
Есірткі – ХХІ ғасырдың басты дертіне айналды. Осы соңғы жылдары тұрғындардың есірткіге әуестігі артып, есірткіні сату желілерінің кеңейгенін мойындауымыз қажет. Есірткі біздің мыңдаған отандастарымыздың тамырына балта шабуда. Олар өлтіріп қана қоймай, сонымен қатар ЖҚТБ және басқа да жұқпалы ауруларды таратуда.
Тұрғындардың оның ішінде жастардың есірткіге қолжетімділік мүмкіндіктерін шектеу қажет. Дүниежүзі елдерінде қолданылған есірткіні жою, саясатын қолдану қажет. Жалпы, есірткіге құмар жастармен және әлеуметтік топтармен мақсатты тұрғыда алдын алу жұмыстарын жүргізуді нығайту қажет.
Есірткі бизнесімен күресіп, оған төтеп беру үшін қоғамның кең қолдауы қажет. Осы ретте нашақорлық және есірткіні сатуға қарсы күресті өздеріне мақсат қылатын азаматтық қоғам ұйымдарының көмегі зор. Яғни ақпараттық, профилактикалық, есірткіге қарсы насихат жұмыстарын жүргізу өте маңызды.
Есірткі бизнесімен күресуде мынадай басым бағыттар болуы қажет: алдағы уақытта есірткі мафиясының қаржыландыру базасын жою; оның экономикалық негізін құрту. Ол үшін, ең алдымен қылмыстық бизнестен түскен кірістерді жоюмен күресу, қаржы көздері келетін каналдардың жолдарын кесу. Сондықтан барлық құқық қорғау органдарымен және басқа да елдер арасындағы іс-әрекет тәжірибелерін және ақпаратпен үнемі алмасу есірткі қауіп-қатерінің алдын алу тиімділігін көрсетеді. Осы жерде, әрине, біздің және көршілес елдердің шекарашыларымен нақты іс-әрекет жасау дұрыс жолға қойылу керек.
Жалпы, маңызды міндет – ол біздің ел аумағы арқылы есірткі транзитінің жолын кесу. Ол үшін ҚР шекара қызметімен және шектес мемлекеттермен бірлескен жұмыстарды күшейту қажет. Есірткі контрабандаларының өту әрекетін қатайту.
Нашақорлық мәселесін шешу үшін ең алдымен біз қоғамның қолдауына сенім артамыз, сондықтан ел боламын, ұрпағымның дені сау болсын деген кез-келген қазақстандық есірткінің қаншалықты зиянды екенін естен шығармай, нашақорлықпен және есірткі бизнесімен тек қана құқық қорғау органдары ғана емес, бүкіл қоғам болып күресуге ықпал жасап, жастарымызды салауатты өмір салтына үйреткеніміз жөн болар еді. Өйткені, біздің мақсатымыз біреу-ол біздің жастарымызды нашақорлықтан сақтап қалу.
К.БАЙЖАРЫҚОВ,
Қостанай гарнизоны әскери прокурорының аға көмекшісі.