Имамдар алғысқа бөленді
1Қостанай өңіріндегі барлық қалалар мен аудандардың бас имамдары облыстық мешітте бас қосты. Бұл жиында облыстық мешіттің бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы өткен Рамазан айында атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы жасалатын істерді талқылады.
Кездесуде Қостанай облысы әкімдігінің Дін істері басқармасының бас маманы Сапар Абдиев қатысып, дін қызметкерінің этикасын сақтау туралы баяндама жасады.
Сонымен бірге Қостанай облысы бойынша «Зекет қоры» өкілі Мұстафа Құрбанов қажы таныстырылып, алдағы атқарылар жұмысы талқыланды.
Сондай-ақ, басқосуда қоғамдағы келісім мен төзімділікті нығайтуға үлес қосып жүрген бірқатар дін қызметкерлері Қостанай облысы әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды.
Олар облыстық мешіттің найб имамы Дархан Манарбекұлы, Рудный қаласының бас имамы Азамат Серікбайұлы, Арқалық қаласының бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы, Жітіқара ауданының бас имамы Мейіржан Қапарұлы.
ҚМДБ Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі