Сыңарын өлгенше сабаған

Қостанай облысының Қостанай аудандық сотында ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі бойынша айыпталған 32 жастағы Данияр Қажыкеевке қатысты қылмыстық іс қаралды.
Д.Қажыкеев ;әбірленушімен осы жылдың наурыз айында танысып, кейін олар бірге тұра бастаған.  Екеуі де ішімдікке әуес.0331c1ee-9623-4de7-9811-9aeed17c48f1_1
28-шілдеде сағат 12 шамасында Қостанай ауданының Новосёлов ауылында ішімдікке тойып алған сотталушы Қажыкеев құрбысын туысқанынан қызғанып, ренжіседі. Жанжал барысында ол әйелді соққыға жығып, тепкінің астына алған. Кейін оны шашынан сүйреп аулаға алып шығып, мастығы басылсын деп жерге тастап, өзі үйге барып ұйқыға жатады. Кешкі сағат алты шамасында оянған сотталушы жәбірленушінің өзі қалдырған жерде қимылсыз жатқанын көреді. Болған жағдайды туысқанына айтады.
Сараптама көрсеткендей, әйел соққы салдарынан келген зақымдардан көп ұзамай қайтыс болған.
Сот үкімімен Д.Қажыкеев қылмыстық істе айыпты деп танылып, оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓