5 жасар қызды іздеу тәсілдері өзгерді
Қостанай облысында жоғалған Мәдина Ерланқызы төртінші күн ізделіп жатыр. Баланың мінез-құлқындағы ерекшеліктері ескеріле отырып, мамандар іздеу шараларының тактикасын өзгертті.Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүлдіршіннің аутизммен ауыратыны есепке алынып, іздеу жұмыстарын тыныштық режимінде жүргізу шешімі қабылданған."Оның сыртында, аумақтарды тінту бағыты да өзгерді. Бұған дейін Тобыл өзенінің бойымен шолу жүргізілсе, енді іздеушілер Тобылдан Жамбыл ауылына қарай бет алды. Түнде тепловизоры бар арнайы бөлімшелер жұмыс істеді. Олар барлау тактикасын қолданылды», – дейді баспасөз қызметі.Бүгін іздеушілер таңғы сағат 6:30-дан бастап сапқа тұрды. Олар төрт бағытта 100 шақырымға дейін созылған іздеу аймағын қайта шарлауға кіріскен.