Ашығудың кереметі

Ауру-сырқаудан сау дене дұрыс рухтың жемісі болып табылады. Б.Шоу.
Ашығу дегеніміз – белгілі бір мерзім аралығында ішіп-жеу­ден бас тарту арқылы емделу тәсілі. Ашығудың ғылыми негізі де әлдеқашан дәлелденген. Жалпы, ашықтыру емі сусыз, тағамсыз жүзеге асса, онда толық ашығу болып саналады. Мерзіміне қарай ол мынадай түрлерге бөлінеді: қысқа мерзімді (1-3 күн, бір апта, он күндік), ұзақ мерзімді (бір ай, 40-50 күндік). Осы уақыт аралығында денені барлық қалдық атаулыдан, улы заттардан тазарту көзделеді. Ашығуды дұрыс іске асырған жағдайда ол сіздің ағзаңызды барлық керексіз улы заттардан тазартып, денсаулығыңызды шыңдайды, жасушаларды жаңартып, күш-қуатыңызды арттырады. Ішекті де тазалайды. Ал, адамның іші үнемі қатып, үлкен дәреті уақтылы шықпай жүрсе көптеген келеңсіздіктерге ұрынады. Ашығу тек қана қан-тамырлары мен түтікшелердің жағдайын жақсартып қоймай, қартаю ағымын да саябырлатады.диета
 Ашығу көбіне мына ауруларға ем: жүрек-тамыр ауруларына, асқазан-ішек, буын, тыныс жүйелеріне, аллергия, 2 түрдегі қант диабеті, жүйке жүйесі қызметі бұзылуында, тері ауруларына, психикалық ауытқушылықтарға, диспепсия, іш қату, бауырдың қатаюы, соқырішектің қабынуы, бауыр қабынуы (гепатит), гастроэнтерит, ревматизм, семіздік, шорбуын (артрит), демікпе, жоғарғы қан қысымы, шемен (водянка), ишиас, қояншық, ұйқысыздық, әлсіздік, сал ауруының барлық түрлері, бас аурулары, бас сақинасы, өкпе қабынуы, артық салмақ, бронхит, өкпе қабығы ауруы (плеврит), безгек, тонзиллит, сүзек, тамырлардың түйнеліп кеңеюі, құлақ аурулары, қатерлі ісік, миқұрт (менингит), аденоидтар, жарық (грыжа), өт қабына тас байлану, қуықтың қабынуы (цистит), созылмалы іш өту, тік ішек аурулары, жүйке сал ауруы, қаназдық т.б.
Мұны да ескерген жөн: Алайда, кейде ашығуға болмайтын жайттар да кездеседі. Мәселен, энцефалопатия (ми жүйесінің әлсіреуі) анықталса, қарттық шақ (60 жастан жоғары), дене әлсіреген кезде, соматикалық аурулардың қабынған кезінде, қандай да бір түрдегі қатерлі ісік белең алғанда, жүрек стенокардиясына, жүректің ишемиялық ауруларына, жүрек пен бүйректің органикалық ауруларына, қан айналымы мен тыныс алудың асқынған жағдайында, өткір құрт ауруына (туберкулез), бақшаңкөз (зоб), қан аурулары, жұқпалы полиартритке (бруцеллез) шалдыққанда ашығуға мүлде болмайды.
Ашығудың айтарлықтай қиындығы жоқ: бар болғаны, сабыр сақтап, ауызды астан тыя білсеңіз жеткілікті. Ашығу кезінде тек қана дистиллияцияланған (буландыру әдісімен) су қабылданады. Қанша ішем десе де су мөлшері науқастың өз еркінде. Алайда, ағзаға басқа ешқандай тағам қабылданбауы тиіс. Мамандар ұзақ мерзімді ашығуға тәуекел етердің алдында әуелі қысқа мерзімді ашығуларды бастан өткерудің пайдалы екендігін айтуда. Ашығу міндетті түрде маманның бақылауымен жүзеге асуы тиіс. Неге десеңіз, кейде алғашқы күндерде-ақ денеден улы заттар өте көп шыққан жағдайда ашығуды үзуге тура келеді. Ал, ұзақ мерзімді ашығу кезінде артық қимылға бармаған жөн. Сондай-ақ, ашығу кезінде дәрі қабылдауға, темекі тартып, спиртті ішімдік ішуге қатаң тыйым салынады. Қайта таза ауада көп жүру, жылы ванна қабылдау, тазалық клизмасы мен тыныстау жаттығуларын жасап тұру пайдалы.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓