Шын патриот болсаң…
Егер журналист сізден сұхбат алып, «Сіздің болашақтағы мақсатыңыз қандай, арман-тілегіңіз не?» деп сұраса, қалай жауап берер едіңіз? Өз басым «Елімнің дамуына үлес қосқым келеді» деген жауапты жиі естимін. Дұрыс. Әркім елін дамытқысы келеді. Дамытуы керек. Бірақ, мәселе осы бір ауыз сөзбен шешілмейді ғой.
Елді дамытуға бәріміздің іс-әрекетіміз әсер етеді. Мысалға, экономиканы дамытуға біздің кез келгеніміз үлес қоса аламыз. Ол үшін дүкеннен отандық тауарларды ғана сатып алыңыз. Шығыс еуропалық бренд "Альпен Гольд" шоколодының орнына қостанайлық «Баян сұлу» кәмпитін жесеңіз жақсы емес пе. Алда үлкен науқан басталғалы тұр. Бәріміз тәуелсіздік мейрамын ысыра тұрып, Жаңа жылға дайындаламыз. Сол жаңа жылда туыстарыңызға «Баян сұлу» өнімдерін сыйлаңыз. Себебі, 2016 жылғы 3-қазаннан бастап «Баян Сұлу» АҚ фабрикасында жаңа жылдық сыйлықтарды бөлшектеп өлшеу цехі өз жұмысын бастады.

Жастар жиі тұтынатын тауардың бірі – тәтті сусын. Америкалық Coca-Cola компаниясының сусындары әлемдік нарықты жаулап алғалы қашан. Десек те, шетелдік өнімге бәсекелес болатын тауар түрі біздің өзімізде де бар. Ол – «Арасан» фирмасы шығаратын қостанайлық «Грушевый» сусыны. Зиянды қоспасыз, табиғи өнімдерден дайындалатын «Грушевый» «Coca-Colaдан» еш кем емес. Құрамы жағынан асып түспесе. Мінекей, алдарыңызда сан түрлі таңдау бар. Шетелдікі ме, әлде қазақстандық па? «Өзгенікін қайтесіз, өзіміздікі тұрғанда!» деген ой менмұңдалап тұр.

Қымбат Досжанова