Аспаптарда кім ойнап жүр?

(Құрбымның естіген оқиғалар)
«Ауылдан қалаға көшіп, екі қабатты үй салдық. Үйді салған жеріміз дұрыс емес пе, білмеймін, әйтеуір қызық оқиғалар жиі болып тұратын. Жаздыгүні ата-анаммен бірге қыдырып, демалыста Алматыға қарай беттедік. Үйге бас-көз болу үшін әкем ағасын қалдырған еді. Ол астындағы бөлмеде теледидар қарап жататын. Ал үстіңгі қабатта ауылдан көшіп келген кезде алып келген ескі фортепьяно бар еді. Теледидар көріп отырғанда көкем екінші қабаттағы бөлмеден фортепианоның дауысын естиді. Біреу ойнап жатқандай. Жоғары қабатқа көтеріліп, бөлмені қараса ешкім жоқ. Қалаға көшіп келгенде әкеліп қойғанымыз болмаса, бұл аспапта ешкім ойнамайтын еді, беті әрдайым жабық тұратын. Бұл жағдай бір емес, бірнеше рет қайталаныпты.
Тағы бір оқиға. Ауылдан келген тәтем біздің үйге жол-жөнекей соғып кетті. Түн ортасы. Ұйықтай алмай жатқанмын. Кенет терезенің көзінде тұрған гитараны біреу шертіп кеткендей болды. Зәрем ұшып, айғайлап жіберіппін. Жан ұшырған дауысымды тәтем де естіпті. Жетіп келіп, сұрап жатыр. Содан бері жалғыз жатуға қорқатын болдым…».
Құрбымның әңгімесін қызыға тыңдап, ойға шомып отырмын. Бұл тылсым күш не болды екен?
Гүлназ ТАҢАТҚАН,
3-курс студенті

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓