1 млн теңге қателікпен аударылған

Әулиекөл аудандық соты азамат А.-ның шағымы бойынша жауапкер П.-ға және екінші деңгейлі банкке қатысты істі қарады. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.
Сотта 2021 жылғы 6 қазанда талапкер А. жауапкердің карталық шотына қателесіп 1 000 000 теңге мөлшеріндегі сома аударғаны анықталды. Аяқ астынан "байып қалған" П-ның сол кезде банк алдында 489 897 теңге берешегі болған.
"Жауапкер П.-ның шотына ақша түскен кезде банк алдындағы берешек сомасы есептен шығарылған, ал 2021 жылғы 11 және 12 қазанда қалған бөлігі талап қоюшы А. – ға қайтарылды, атап айтқанда 496 000 теңге иесіне аударылған. Негізсіз аударылған мүлікті, жалпы ереже бойынша, кездейсоқ иемденуші қайтаруы тиіс. Осыған байланысты банктен талап қоюшы А-ның пайдасына 504 000 теңге мөлшеріндегі сома өндіріп алынды", – делінген облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарламасында.
Жауапкерден соманы өндіріп алу бөлігінде талапты қанағаттандырудан бас тартылды.
Талап қоюшы А. – дан жауапкер П. – ның пайдасына 50000 теңге сомасында өкілдік шығыстар өндіріп алынды.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓