Полицейлер жоғалған қойларды тауып берді

Амангелді ауданында жайылымнан 100 бас ұсақ мал жоғалып кетті. Олар Жетібай ауылының шаруа қожалығының басшысына тиесілі болған.Қойдың жоғалғаны туралы хабарды фермер Амангелді ауданының полиция бөліміне хабарлаған. Жедел іздестіру шаралары барысында Жетібай ауылынан 7 шақырым жерде қой жоғалып кеткені анықталды. 
– Қойшы түскі үзіліске кеткен кезде жоғалып кеткен. Аудандық полиция бөлімінде дереу жедел іздестіру тобы құрылды, полицейлер қойларды бір тәулік ішінде жайылымнан 60 шақырым жерден тапты. Олар желге қарсы жайылып кеткен, – дейді жедел уәкіл Бақтияр Шөптібаев.
Жоғалған қойлар иесіне қайтарылды. ШҚ басшысы полиция қызметкерлеріне жедел көмек көрсеткендері үшін алғыс білдірді.

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓