Жер тұтыну жіті қадағаланады

Бұл күні өңірде кейбір шаруалар ұзақ жылға жалға алған жерлерін дұрыс пайдалана алмауы салдарынан үкіметке қайтарып жатқаны белгілі. Міне, осы жайтты қадағалап отыратын Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы бірнеше жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді қатаң сынға алды.
Жалпы, өткен жылда 570 рет тексеріс жүргізіп бірнеше заң бұзушылық жағдайлер кезіккен көрінеді. Мұны өңір басшысы Архимед Мұхамбетовтің қатысуымен өткен облыс әкімдігі аппараты мәжілісінде аталған басқарманың басшысы Нұрлан Қатарбеков мәлім етті.7107110-R3L8T8D-1000-cosecha-trigo-960x540Алдағы уақытта жерді тиімді пайдаланбайтындарды бақылау үшін басқарма дрон – ұшатын құралын пайдаланбақ. Кейде бұл құрылғыны квадракоптер деп те атайды. Квадракоптер басқармаға неліктен қажет болды? Оның пайдасы қалай болмақ? Оған Нұрлан Жеңісұлы:
– Бізге бұл аппарат пайдаланылған немесе пайдаланылмай отырған ауыл шаруашылығына қатысты жерлерді дәлелді түрде толық ақпаратпен қамтамасыз етуге өте қажет. Дрон кірістірілген электронды дисплейі бар, суретке немесе бейне баян түсіруді баяулататын қызметі де бар. Тіпті, бір сәтте 14 рет суретке түсіреді,– деп жауап берді.
Аталған аппарат 7000 метр биіктікке дейін ұшады, құны 700 мың теңге тұратын көрінеді.
Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау мәселесі бойынша Архимед Бегежанұлы бірқатар мәселелерді тарқатып айта отырып, мұндай ұшатын құрал тек қана жоғарыда айтылған жайтқа қатысты ғана емес, шегірткені улау үшін өңделген жерлердің көлемін анықтауға да көмегі көп екенін жеткізді.
Сондай-ақ, мәжілісте мұнымен қатар Қостанай облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің есебі де тыңдалды. Департамент басшысы Айбек Паяевтың айтуынша, өңірде жалған кәсіпкерлікпен айналысқан немесе сату-сауда бойынша заң бұзушылық фактілері тіркеліпті. Соның ең негізгісі – облыста 210 мың литр заңсыз алкаголь өнімдерін сатқандар ұсталып, айыппұл салынған.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерімен бірге жүргізілген тексеріс барысында былтырғы жылы дәл осындай 31 факт болған.
Айбек Мінайымбекұлы құны 185 млн. теңгенің алкаголь өнімі және 23 млн. теңгенің мұнай өнімі алынғанын айтады.
Өңір басшысы мұндай әрекетке құқық қорғау органдарының да қол қусырып қарап отырмай бірлесе жұмыс атқарғанын әлі де атқара беретінін алға тартты.
 
Нұрболат МЕШІТБАЕВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓