Жасөспірімдерге арналған желі ашылды
CoffeeFold атты жасөспірімдерге арналған әлеуметтік желіні Астана қаласының оқушысы Бэла Темиева ойлап тапты. Бұл туралы "24 kz" тілшісі хабарлайды. Бұл әлеуметтік желі елордалық тинейджерлер арасында кең таралған, деп хабарлайды «Асыл бала» РҚ баспасөз қызметі. Facebook негізін қалаушысы Марк Цукербергтің оқиғасынан шабыт алған он бес жастағы Астана тұрғыны Бэла Темиева жасөспірімдерге арналған әлеуметтік желі ойлап тапты. Әдеттегі хабарлама алмасумен қатар әлеуметтік желі қолданушылары видеочат көмегімен байланыса алады. Желіні жасап шығарғандар ғаламтор браузерлеріне, Android және IOS жүйелеріне арналған үлгісін де ойлап тапты.
«Жобамның аты – CoffeeFold , мағынасы кофе және бума дегенді білдіреді. Әлеуметтік желіні бұлай деп атауымыз бекер емес, себебі адамдар бір шынаяқ кофе ішіп отырып, әңгімелеседі ғой», – деді Темиева жоба презентациясы кезінде.
Презентацияның соңында CoffeeFold тобы «Асыл бала» Республикалық Қауымдастығының Даун синдромына шалдыққан балаларға арналған «Күн әлемі» Оңалту орталығы жобасын қолдау мақсатында «Күн әлемі» қоғамдық қорына 300 мың теңгеге чек табыстады.