Мерейтойлық он мың теңге
Бүгін Бейбітшілік пен келісім сарайында ҚР Ұлттық банкінің "Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы: ұлттық валюта" тақырыбында конференциясы өтті.

«Хабар 24» тілшісі айтқандай, шара барысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Нұрсұлтан Назарбаевтің суреті бейнеленген 10 мың теңгелік кәдесыйлық банкнот және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған монетаны таныстырды.
Он мың теңгелік банкнот 1 желтоқсанда айналымға енеді.