Дария-кеуде, тау мүсін

Қарттар күні де таяп қалды. Жыл сайын осы мерекеде екі інімді ертіп алып, қарашаңыраққа, ата-әжемің үйіне тартатын едік. Бұл мейрам біз үшін аса құнды. Үлкен інім Айбек пен кішісі Айдос қолдарына гүл ұстап, әжесіне аз-мұз сыйлықтарын алып келетін. Ал мен атама арнап, керек-жарағын, ұнаған бұйымдарын әкеп беретін едім. Бірақ бұл жолы олай болмайын деп тұр. Екі ініме қосылып, әжеме ғана сый-тарту апармақпыз…Byk9V_6AShA
Қай қазақтың жазылмаған заңы ғой – үйдің үлкен баласы ата-әженің бауырында өседі. Мен де 7-сыныпқа дейін атамның ертегісін, әжемнің ақылын тыңдап өстім. Атам айтқан көп әңгіме жадымда сақтаулы. Бір күні бізге жеті атаны жаттатқызып жатып, қариялар туралы ойларын ортаға салды. «Ер адам неғұрылым егде тартып, қарттық меңдеген сайын соғұрылым шарасыз бола бастайтын сияқты. Адам қартайған шағында сағатты емес, секундты да бағалайтын болады. Сондықтан мына әжелеріңді тыңдаңдар, айтқанын екі етпеңдер», – деді. Ойын баласымыз ғой, мән бермедік. Атамның айтқандарын енді-енді ұғып жатқандаймыз.
Менің атам Науан Меңдібаев 1926 жылы дүниеге келген. Жастайынан еңбекке жегіліп, тылда қызмет етті. Отан алдындағы борышын өтеп келген соң Аманкелді ауданындағы колхозда зоотехник болып бастады. Бірнеше жұмыстарды істеп, Құмкешу селосының төрағасына дейін көтерілді. Сонда құрметті демалысқа шықты.
Жақында әкем қоңырау шалды. Атамның жағдайын айтқан соң алып-ұшып ауылға аттандым. Алайда үлгірмедім… Соңғы рет қолынан ұстап қала алмадым… Иіскей алмадым… Ана өмірге кетсең де, сені қинаймыз. «Ақ торғайым», «ақ тоқтым»,  «ақ ботам» деп енді кім еркелетпек?g5PqXkZpKOQ
Өзім атамның тәрбиесінде болғандықтан ба, қарияларды қатты жақсы көремін. Әрі еңбекқор, жинақылықты жаны сүйеді.  Атамның әр сөзі – маған ақ батадай. Әрі қысқа, әрі нұсқа сөйлейді. Тілеуімді тілеген, еркелігімді көтерген, мен ауырсам, жаны ауырған, бір апта көрмей қалса, сағынған атамның көңілі кең, жүрегі мейірімді, кеудесі қазына, сөзі қасиетті. Бар тәттіні аузыма тосып, бар жақсыны үстіме кигізіп, еркелетіп өсірген, қызық ертегісі мен ақыл-өсиетін құлағыма құюдан жалықпаған атамды жанымнан артық жақсы көремін. Не көрсе де бізбен көрген, қуанышы мен қайғы-мұңымен бөліскен оның орны мен үшін бөлек. Мақтансам да тек атаммен мақтанамын. Жетістікке қол жеткізсем де атамның ақ батасын алып, оның арқасында екенін айтып, алғысымды білдіремін. Жолымыз болмаған жағдайда «ештеңе етпейді, түймедейді түйедей еткенің жарамайды, бұл бастамасы ғана, әлі жетістік пен бақыттың бәрі алда» деген сөзі мәңгі есімізде болады. Бойыма күш-қуат бітіп, еңсем көтеріліп, сенімім арта түседі. Атамның қоңыр дауысын жадымнан шығармаймын. Қазір үй іші жым-жырт болып қалды. Әжем де серігін ойлап жүрген шығар. Атамызды үй боп сағынамыз. Бәрібір бір жан жетіспей тұрады.
 
Айткүл Науанова,
Амангелді ауданының тұрғыны

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓