Өлгенше сабаған

Жітіқара аудандық соты 37 жастағы Сударьковқа қатысты қылмыстық істі қарады.удар
Іс материалы бойынша, биыл 31 шілдеде Малютин ауылында айыпталушы таңнан қой бағуға шығып, кейін жалғыз өзі ішімдік ішіп келіп, танысына келген. Досы бірге тұратын әйелмен және ортақ достары Ағытаевпен бірігіп, ішуді жалғастырады. Ағытаев Сударьковтың сыныптасының әкесі болған.
Жынды суға ауыздары әбден былғанған соң арада ұрыс-керіс пайда болады. Сударьков өзіне айтылған балағатқа жауап ретінде Ағытаевті тұмсыққа ұрады. Соққыдан құлаған еркектің үстіне шығып алып, айыпталушы жәбірленушіні дал-дұл етіп ұрған. Дамылсыз жасалған ауыр соққылар салдарынан әлгі есінен танып, ізінше жан тәсілім еткен.
Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, Сударьков кінәлі деп танылды. Ол 8 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды. Жазасын жалпы режимдегі түзету колониясында жазасын өтемекші.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓