7 жылдан кейін анасымен кездесті

Желілік ішкі істер бөлімінің ювеналды полициясы қызметкерлері темір жол вокзалы маңында мас еркектің қасында отырған кәмелеттік жасқа толмаған қызды ұшырастырды. Бұл туралы ЖІІБ баспасөз қызметі хабарлады, дейді "Алау" порталы.одинокая
Анықталғандай, қыздың жасы 14-те екен. Қасындағы еркек оның әкесі болып шықты. Ол сонымен бірге тұрып келіпті. 
"Қыздың әкесі медициналық айықтырғышқа жеткізіліп, куәландыру жүргізілді. Ал бала Қостанай облысы әкімдігінің кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Қыз анасын тауып беруді өтінді. Олар бір-бірін 7 жыл бойы көрмеген", – делінеді хабарламада. 
ЖІІБ қызметкерлері анықтағандай, қыз Науырзым ауданында әкесімен, әжесімен және сіңілісімен бірге тұрады екен. Ананың балаларын тастап кеткеніне 7 жыл болған.
Тәртіп сақшылары бейімдеу орталығы қызметкерлерімен бірлесіп, қыздың анасын тауып берді. Анасы өзі келіп, баласын орталықтан алып кетті.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓