Іздеу салынады

8 шілдеде сағат 18.30-да Қостанай қаласынан Алтынсарин ауданының Танабай ауылына балық аулауға кетіп, содан әлі күнге дейін үйге оралмаған Михаил Деревяшкинге полицейлер іздеу жариялады. 
Ол 1978 жылы 2 ақпанда дүниеге келген. Ұлты – орыс. Бойдақ. Білімі – орташа, бұрын істі болмаған. Жұмыссыз. Тұрған мекенжайы – Қостанай қаласы Мәуленов көшесі, 18/3 3-үй.розыск
Белгілері: бойы – 172-174 см, дене тұрқы арықша келген, сопақша келбетті, көзі үлкен, жасыл реңкті көкшіл, мұрны сынық, шашы орташа ұзындықтағы ақшыл сары, қалқан құлақты, жұқа ерінді, қалың қасты, кең маңдайлы, тістері түзу, сарғыш реңкті, жұтқыншағы ерекше шығыңқы, кеудесі ұсақ тамырлардан қызарып тұрады.
Ерекше белгілері: Арқасында мең көп, оң жақ көзінің астында тыртық және үстіңгі жағында тіліктен қалған із бар, денесінің оң жақ бүйірінде соқыр ішектен қалған және сол жақ бөлігінде варикоздық созылуды алып тастаудан қалған тыртық бар.
Үстіне ашық қызыл түсті жеңіл жейде, қапталды қалталары бар камуфляжданған жасыл-сұр шалбар киген.
Жиі алкогольдік ішімдік тұтынады.
Қандай да бір ақпаратыңыз болса, мына телефон нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:
                  8/71445/21266, 49040, 87076335059, 87717988078, 87027982166.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓