Ішкіш қыз – 13-те

45 жастағы А. кәмелетке толмаған қызы алкоголь тұтынғаны үшін екі айда төрт мәрте 21 210 теңге көлемінде айыппұл төледі. Мамандандырылған сот қыздың анасын соңғы рет 18 қазанда жауапкершілікке тартты. ишкиш
Тәртіп сақшылары 13 жасар қызды мас күйінде бірнеше мәрте ұстап, анасының көзінше медициналық куәландырудан өткізді.
– Кәмелеттік жасқа толмаған Д. "ВКонтакте" желісі арқылы өзіне құрбылар тауып, кейін саябақта кездесіп, ересектердің көмегі арқылы сыра алдырған. Тіпті "көмекшіні" қатарларына қосып, бірге ішкен… Бұл қыз сыныптастарымен араласпайды, – дейді прокуратура мамандары.
Жасөспірім "Алкогольді ауық-ауық тұтыну" диагнозымен наркологиялық есепке алынды.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓