44 үй сусыз, жылусыз қалды

Қостанайда жарылған құбырға жөндеу жұмысы жүргізіліп жатқаны туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады, дейді "Алау" порталы.порыв
Қала әкімінің сайтында ТМ-3-тің ақауын жөндеу Майлин көшесі бойында жүргізіліп жатқаны туралы,  таңғы сағат 6.00-де басталған жұмыс 14.00-де аяқталатыны жайында айтылған. Жұмыс барысында әл-Фараби-Дощанов, Урицкий-Перрондық көшелеріндегі үйлерде жылу мен су үзілмейді делінген.
Алайда темір жол вокзалы ауданындағы 44 бірдей көпқабатты үйдің тұрғындары пәтерлерінде жылу да, су да жоқ екенін айтады. Бұған "ҚЖЭК" МКМ диспетчерлік байланысы жылу мен суды ағытпай жөндеу жүргізу мүмкін емес деп жауап қатты.
"Құбыр ақауы 3 қараша күні түнде табылды. Күні бойы барлық қажеттіліктерді әзірлеп, қазып қойдық. Жөндеу жұмысы бүгін басталды. Кешкі 18.00-ге дейін жалғасады", – деді "ҚЖЭК".

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓