Тоқ соғып, жазым етті
Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағанындай, 28 мамыр күні Ұзынкөл ауданының Троебрат селосында тоқпен жабдықтайтын станса аумағында жоғары вольтті желі-де жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан электромонтерді тоқ соқты. Денесі қатты күйген жұмысшы аудандық ауруханаға жеткізілді.
1 маусымда Алтынсарин ауданының Щербаков селосында бір үйге телевизордың антеннасын орнатып жат-қанда антенна діңгегі үйдің жанындағы тоқ желісіне құлап, екі адамды тоқ соғып, жазым етті.