Еркін Әбіл – ҚМПИ ректоры
Ол Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында соңғы жылдары ғылыми жұмыстар және шетелдік байланыс бойынша проректор болып қызмет етті. Ректор тағайындау биыл жаңа, сайлау жүйесі бойынша өтті. Аймақтық маңыздағы бақылау кеңесі кандидаттарды және олардың таяу жылдарда ЖОО дамыту бағдарламаларын тыңдады. Нәтижесінде білімнің вице-министрі төрағалығындағы республикалық комиссияға үш кандидатура жолдады.
– Менің бағдарламам оқу ордасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелеріне құрылды. Сондай-ақ, оның қажеттілігі мен нақты мүмкіндіктері алға тартылды. Бұл білім беру үрдісіне де, қаржылық жағдайға да қатысты. Осы бойынша еңбек ететін боламыз, – деді Е.Әбіл.