ЖАҢАЛЫҚТЫҢ ЖАРШЫЛАРЫ

Байланыс  және ақпарат қызметкерлерінің күні Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңірлік және республикалық БАҚ қызметкерлерін марапаттады. Салтанатты шараның ашылуында ол облыстағы ақпарат құралдарының тарихы мен қызметі жөнінде айтып, «төртінші билік» өкілдерін төл мерекелерімен құттықтады.
Қазақстан Журналистер одағының сыйлығы «Қостанай таңы» газетінің аға редакторы Әлібек Ыбырайға, тілшілер Мұрат Жүніс пен Айтолқын Айқадамоваға тапсырылды. IMG_4902 IMG_4881
Арнайы аталымдар бойынша жыл бойы жемісті еңбек еткен БАҚ мамандары сахнаға шақырылды. «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» аталымында «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Нәзира Жәрімбетова, "Кәсібіне адалдық" сыйлығымен "Қазақстан" телерадиокорпорациясы облыстық филиалы директорының орынбасары Күлтәй Әбдірахманова, «Құқықтық мемлекет» аталымы бойынша «Біздің Қостанай» газетінің бас редакторы Александра Сергазинова, "Аймақтың дамуы – мемлекеттің дамуы" сыйлығымен республикалық «Қазақ радиосының» облыстағы меншікті тілшісі Нұрқанат Құлабаев марапатталса, Арқалық қаласының "Арқа дидары" телеарнасының тілшісі Әйгерім Сейілова «Жігер» сыйлығына ие болды. Қазақстан Журналистер одағының Алтын медалін аймақтық «Костанайские новости» газетінің директоры-бас редакторы Сергей Харченко жеңіп алды. IMG_4889"Қазақстанның құрметті журналисі" атағы бұл жолы "Қазақстан" телерадиокорпорациясы облыстық филиалының редакторы Қайрат Мұқатовқа бұйырды. «Қостанай таңы» газетінің фототілшісі Бағдат Ахметбеков те «Объективтегі әлем» аталымындағы жеңісі үшін сыйлыққа ие болды. Тағы да әріптестеріміздің арасынан Таран ауданы тағайындаған Бейімбет Майлин атындағы арнайы сыйлық тілшісі Нұрболат Мешітбаевқа берілді. Осы марапаттардың қатарына облыстық мәслихаттың шешімімен қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш жорналшы Нәзипа Құлжанова атындағы арнайы сыйлық табыс етілді. Оны облыстық мәслихат хатшысы Сайлаубек Ещанов "Қазақстан" телерадиокорпорациясы облыстық филиалының шеф-редакторы Назгүл Құдайбергеноваға  тапсырды.IMG_4864
– Асқан ізденімпаздықпен, мол жігер-қайратпен билікті бұқара халықпен жақындастыра түсіп, көпір болатын сіздердің еңбектеріңізді әрқашанда бағалаймыз. Қызығы мен шыжығы мол, үнемі қарама-қайшылықта жүретін журналистер қауымын бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілеймін! – деді Архимед Мұхамбетов жеңімпаз атанғандарды құттықтап.1 бетке
Бүгінде біз жаһандық даму көшінен қалмай, төрткүл дүниедегі оқиғалардан дер кезінде хабардар болып отырсақ, ол ең бірінші журналистер қауымының арқасында жүзеге асуда. Дос-жараннан, туған-туыстан, ағайыннан жылдам хабар алғызып, алысты жақындатып отырған да – солар. Қоғам көрінісін дер уақытында газет беттеріне сыйдырып, теледидардан баяндап, радиодан жеткізе білген тілшілер қауымын жетістіктерімен құттықтаймыз!
 

Қасқырбай Қойшыманов

Суреттерді түсірген Алмас Батырхан

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓