Бас хирург – алтын медаль иесі

Жақында Алматыда, А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық-ғылыми хирургия орталығында оташылардың халықаралық конференциясы болып өтті. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған алқалы бас қосуға  әлемнің 20 мемлекетінен 550 делегат келіп қатысты.  Конференция барысында Корея, Жапония, Үндістан т.б елдерден келген хирургтер шеберлік сабақтарын өткізді.канат агаАйтпақшы, осы конференцияға қатысқан облыстық аурухананың Бас хирургі, жоғары дәрежелі оташы Қанат Әбілдинге «Қазақстан хирургиясына қосқан үлесі және сіңірген еңбегі үшін» алтын медалі тапсырылды. 2013 жылдан бері беріліп келе жатқан   мұндай марапатқа  еліміздің солтүстік өңіріндегі дәрігерлер алғаш рет қол жеткізіп отыр.
Жалпы, бұл медалді облыс медицинасына берілген үлкен баға деп есепеуге болады. 40 жылдан бері денсаулық сақтау саласында жемісті еңбек етіп келе жатқан  Қанат Мырзалымұлы өз тәжірбиесінде он мыңнан астам адамға ота жасап, халықтың алғысын арқалаған азамат. Кәнігі оташыны  біз де шын жүректен құттықтаймыз!
 
Әлібек ЫБЫРАЙ
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓