Көрген көзде жазық жоқ
Мынаған не дейсіз? Мүгедектерге арналған автотұрақта әлдебір дөкейдің "Тойота Лэнд Крузері" тұр. Ереже бұзушылық! Заң бойынша мұндай тәртіпсіздік үшін 50 АЕК көлемінде айыппұл белгіленеді емес пе! Мына суреттерге қарап отырсаңыз, бұдан да өткен сорақылыққа көзіңіз жетеді. Яғни мына ереже бұзушының дәл қасында тәртіп сақшыларының көлігі тұрғанын байқайсыз. "Қайда қарап тұр?", "көздеріне шел біткен бе?" деп таңданасыз. Әлде бұлар заңды белден басқыш "кереметтің" керемет темір тұлпарын күзетіп тұр ма екен?! Анығын бір ит біледі енді… Көрген көзде жазық жоқ.