Отан қорғаушылар күні мерекеленді

Шақшақ Жәнібек орталық алаңында 7 мамыр Отан қорғаушылар күні меркекесіне арналған салтанатты жиын өтті.
Мерекелік жиында аудан әкімі Асқарбек Кенжеғарин құттықтау сөз сөйледі:
– Елбасы Н.Ә.Назарбаев “Біздің бір ғана Отанымыз бар – ол тәуелсіз Қазақстан”,  деген болатын. Осы аталы сөз біздің бойтұмарымыздай болуы тиіс. Шекарамыздың бекемдігі, аспанымыздың ашық, ел бақытының баянды болуы – Отан қорғаушылардың қолында. Тәуелсіздігіміздің тірегі бекем, тұғыры биік болсын десек, жас ұрпақты білімді де саналы етіп тәрбиелеу – сіздер мен біздердің басты міндетіміз, – деді.IMG_1941
Сонымен қатар ауданның қорғаныс саласына қосқан үлесі үшін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім қызметкерлері, яғни әскери қызметшілерді қабылдау және әскерге шақыру бөлімінің басшысы Дархан Маратұлын, топ бастығының аға көмекшісі заңды және жеке тұлғалардың көлік құралдарын есепке алу және тағайындау жөніндегі инспекторы Сенбек Қамалбекұлы, аудандық қоғаныс істері жөніндегі бөлімінің іс жүргізушісі Айна Бейбітшілікқызын және ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің қосымша білім беру педагогы Ғабит Сейдахметовты, мектеп директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары Қайсар Ертасовты аудан әкімінің грамотасымен марапаттады.IMG_1972
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, майор Қайрат Төлебаев “Қарулы Күштердің ардагерлері орталық кеңесі президумының шешіміне сәйкес, авиация генерал – майоры Т.Бигелдинов” атындағы төс белгіні салатанатты түрде аудан әкімі Асқарбек Ахметбекұлының омырауына тақты.IMG_1931Мерекелік жиын соңы мектеп оқушылары арасындағы “Отан – оттан да ыстық” атты әскери – патриотық байқауға жалғасты. Нәтижесінде қазылар алқасының әділ шешімімен Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің оқушылары бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Қаратүбек орта мектебінің оқушылары иеленді.
Үшінді орынды Н.Г. Иванов атындағы орта мектебінің оқушылары қанағат тұтты. Аудан әкімінің орынбасары Түбекбай Әубәкіров жеңмпаздарға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарды табыс етті.IMG_1991Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінің әншілері мерекелік ән – шашуларын көпшіліктің назарына ұсынды.
 
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Жанкелдин ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓