Алда Тәуелсіздік күні

Екі аптадан соң Қазақстан халқы ұлық мереке Тәуелсіздік күнін тойлайды. Осынау маңызды меркені облыс аумағы да барынша сән-салтанатымен атап өтпек. Бұл туралы бүгін аппарат мәжілісінде облыс әкімінің орынбасары М.Дәрібаев айтты. 
1bet216 желтоқсан – Тәуелсіздік күні Қостанайда қайырымдылық акцияларын өткізу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, облыстағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сый-сияпат жасалмақ. Спорт және мәдениет мекемелерінде ашық есік күндері өтеді. «Нұрлы жол» тақырыбында үздік шығарма байқауы ұйымдастырылады. Сонымен қатар Рождество, Жаңа жыл мейрамдарына арналған іс-шаралар да баршылық. 
-Ұлттық мереке Тәуелсіздік күні жақындап қалды. Сонымен қатар жылдық жұмыстарды қорытындылап, жаңа жылды қарсы аламыз. Осы атаулы күндері ел ішіндегі қауіпсіздік пен тыныштықты сақтау, қадағалау ортақ міндетіміз. Бұл күндері ірі мерекелік шараларды өткізумен қатар, халыққа қолайлы жағдай жасау керек,-деді облыс әкімінің орынбасары М.Дәрібаев. 
 
Қымбат Досжанова

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓