Еңбекшілер құқығын қорау-кәсіподақтар мүддесі

Қостанай облыстық кәсіподақтар орталығы өңдірістегі жарақаттардың алдын алу және Еңбек Кодексінің сақталуын қадағалау мақсатында белсенді жұмыс істеуде. Еңбек адамының құқығын қорғау мақсатында ірі кәсіпорын басшыларымен әріптестік қарым-қатынас орнатып, бірқатар меморандумдарға қол қойған. Аталған орталықтың өзге де бастамалары туралы баспасөз клубында өткен кездесуде айтылды.Ертаева
Қазіргі уақытта облыс аумағында 11 салалық, 1386 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында кәсіподақ ұйымдарының белсенді түрде жұмыс істеу керектігін ескертті. Осы мақсатта өткен жылы Елбасы «Кәсіподақтар туралы» заңға қол қойды. Аталған заңның кейбір баптарына өзгерістер еніп, кәсіподақ ұйымдарының жұмысына тың серпін берді. Сондай-ақ еңбекші қауымның мүддесін қорғайтын құжатқа айналғаны іс жүзінде дәлелденіп отыр.Б.Ертаева
Балбөпе Ертаева жетекшілік ететін облыстық кәсіподақтар орталығы өңірдегі еңбекші қауымының құқығын қорғауға және олардың жұмыс орындарын сақтауға көмектесуде. Екбек дауларында, өндірістегі жарақаттарда жұмысшылардың мүдделерін жақтайды.
– Еңбек құқығы бұзылған көп адамдар бізге шағым жасайды. Азаматтарға қайда барып, не істеу керектігі туралы кеңес береміз. Егер арызданушы азаматтың жұмыс орнында кәсіподақ ұйымы бар болса біз аталған мәселеге тікелей араласа аламыз. Кәсіподақ ұйымы болмаған жағдайда азамат сотқа шағымданып, Еңбек инспекциясына баруы керек,-деді Қостанай облыстық кәсіподақтар орталығының төрайымы Балбөпе Ертаева.
 
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Айбек Жүзбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓