Білімдерін жетілдірді

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни  басқармасының «2020 жылға дейін діни білім беруді дамыту» тұжырымдамасы негізінде екі айлық сауат ашу курсы тәмамдалды. Шәкірттерге салтанатты түрде сертификат тапсырылды.DSC0401
Мешіт өкілдері үш жыл бұрын негізін қалаған оқу курсын осы уақытқа дейін 200-ге жуық шәкірт тәмәмдап, Құранның қарасын таныды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) хадистерінде айтылғандай: «Білім алу – әр мұсылманның парызы». Осы хадиске сай адам баласы амал жасаймын деп, жасына, мансабына қарамай Ислам діні білімінің нәрін ішуге асығуда. Соған дәлел: осы «Екі айлық сауат ашу курсын» 17 шәкірт бітірген болатын, сонын ішінде 65 жастағы Әулиекөл тұрғыны Тұнғышбай Жақсылыков ақсақал және Атбасар қаласынан келген Тимур Сүлейменов ағамыз білім алып, туған жерлеріне оралды.
Шара соңында Қостанай облыстық «Марал Ишан» мешітінің найб имамы Бақытжан Икрам бата берді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓