Медициналық мекемелер азайып барады

Қазір облысымызда 1376 денсаулық сақтау мекемесі жұмыс істеп тұрса, оның 519-ы медициналық мекеме, қалғандары дәрі-дәрмек қызмет көрсету нысандары. Өткен жылдың осы мерзімінде өңірде 1438  денсаулық сақтау мекемесі болған. Бұл туралы аймақтық әкімдікте өткен аппарат кеңесінде облыстық медициналық және фармацевтикалық қызметті қадағалау жөніндегі департамент басшысы Орал Бекмағамбетов баяндады. Тіпті, қадағалау департаметінің өзінде штатта 13 адам тіркелсе, іс жүзінде 7 адам жұмыс істейді. Сол себепті, аталған саланың өзіне мамандардың қажет екенін жеткізді.177637741ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің нұсқауымен жыл басынан бері 4 жоспарлы, 28 жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Жеке тұлғалардың шағымы бойынша 34 тексеру жүргізілсе, заңды тұлғалардан 243 шағым келіп түскен.
О.Бекмағамбетов биылғы жылдың 29 сәуіріндегі еліміздің денсаулық сақтау министрлігі дәріханалардан бірқатар дәрілер мен препараттардың арнайы рұқсатпен сату жөніндегі шешімінен соң  тұрғындар тарапынан өтініштер жиілеп кеткенін айтты:
– Есесіне, облыстық медициналық және фармацевтикалық қызметті қадағалау жөніндегі департамент дәрі-дәрмектің 106 түрінің бағасын өсірмеу туралы меморандум бойынша бақылауды қолға алған. Қазір өңірімізде бұл талапты бұзу дерегі анықталған жоқ. Үстіміздегі жылы 14 денсаулық сақтау мекемесін аккредитациядан өткізу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, медицина саласындағы заң бұзу фактілері де сөз болды – үстіміздегі жылдың тоғыз айында 37 әкімшілік құқық бұзу дерегіне қатысты іс қозғалған болса, олардың 15-і медициналық-фармацевтикалық қызметке тиесілі екен. Кінәлілерге 2,5 млн. теңгеден астам айыппұл салыныпты. Бұл көрсеткіштер алдыңғы жылмен салыстырғанда біршама артқан. 
Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов медициналық және фармацевтикалық қызметті қадағалау департаментінде сыбайлас жемқорлыққа байланысты үлкен істің болғанын (бұған дейін департамент басшысының міндетін атқарған Күлзада Өтегенованың 6 жылға бас бостандығынан айырылуы  – Қ.Қ.) айтып, О.Бекмағамбетовке алдағы уақытта осындай олқылықтарға жол бермей, жұмысты күшейтіңіздер деген пәрмен берді.
 
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ
 
 

 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓