COVID-19: Еуропа халі мүшкіл

Еурпада COVID-19 инфекциясынан көз жұму көрсеткіштері рекордтық деңгейге жетті. Өзгелерге қарағанда көп тұрғынын жоғалтқан елдер қатарына Испания, Италия және Ұлыбритания бар. Осыдан соң манифестация шектеу шеңберін барынша тарылтуға қарсы емес, өйткені осы елдер билігі өз азаматтарының қауіпсіздігіне қаржы бөлуде сараңдық танытқан. images (5)
Қазір Францияда жағдай ушығып тұр. Тұншықтырғыш түтіндер, көзден жас ағызатын газ және белсенділерді күшпен қудалау жалғасуда. Өйткені бұл елде оқытушылар мен оқушылардың полицейлермен қақтығысы белең алған. Олар мекемелердегі қауіпсіздік шараларына қарсылықтарын білдіруде. Олар мұны профанацияға санайды. Сыныптарда оқушылар санын азайтуды, ғимарат ішін зарарсыздандыу тәртібін енгізуді және осының бәріне қаржы бөлінгенін талап етеді.
"Біз студенттеріміз бен жұмысымызды сақтап қалғымыз келеді. Бірақ біз мұны орындай алмай отырмыз, себебі бізге әр сыныпты кем дегенде екіге болуге тура келер еді. Ол үшін бізге көп оқушы тартуымыз керек, ал бұл – жалпымызға ортақ ең үлкен проблема", – дейді қарсылық білдіруші оқытушылардың бірі.
Ал Испания астанасындағы қарсылыққа шығушылар "көбірек жұмыс күші керек" деген ұранмен билікке талаптарын қойып отыр. Мадрид қаласының  денсаулық сақтау басқармасы кеңсенінің алдында бірнеше ондаған дәрігер тырдай шешіну арқылы наразылықтарын білдіруде. Олар коронавирус жұқтырған пациенттерге арналған жаңа госпитальге билік жүз млн еуро тапқан. Ал жаңа қызметкерлерге бөлер көк тиын қаржылары жоқ.
"ендігі ашылған мекеме үшін бізге мамандар көбірек керек. Тағы бір госпитальдің пайда болуы сапаның артқанының белгісін немесе медициналық қызметтің оңалғанын білдірмейді", – дейді наразы топ.
Осы аптаның басынан Черногория астанасы Подгорицада, сондай-ақ көршілес Цетин қаласында коменданттық сатақ енгізілді. Кешкі сағат 10.00-ден таңғы 5.00-ге дейін көшеге шығуға тыйым салынған. Мейрамханалар мен кафелер есігі тарс жабылған, кездесулердің өзіне тыйым бар. Кеселдің алғашқы толқынында бұл елде нешеме жүз адам осы дертті жұқтырған еді. Ал қазір індетке шалдыққандар саны 20 мыңға жетіп отыр.
Италияда жалпыұлттық карантин режимін енгізу қызу талқыға түсуде. Өйткені бұл елде тәулік ішінде індеттен көз жұмғандар саны 580 адамға жеткен. Осы демалыс күндері инфекцияға шалдығудың рекордтық көрсеткіші тіркелді – тәулік ішінде 40 мыңға жуық адамды ауру меңдеген.
Ал Ливанда алдағы сенбіден осы айдың аяғына дейін локдаун режимі орнайды. Барлық мемлекеттік мекемелер, мектептер және балабақшалар жаппай жабылады. Мейрамханалар мен кафелер тек қана тапсырысты жеткізу тәртібімен ғана жұмыс істейді. 
Айтпақшы, дерек үшін сөз ете кетсек, "локдаун" сөзі осы жылы жиі қоданылған сөздер қатарына енді – бұрыннан бар сөз болса да, осы жылы ол әдеткіден 60 рет жиірек тұтынылған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓