Үй жөнделмей – күй болмайды
Тұрғын үй кешенін жаңғырту – кезек күттірмейтін шара екендігіне бүгінде әркімнің -ақ көзі жеткендей. Тозығы жеткен баспаналарды басқалай жолмен жамап – жасқап береке таба алмайсыз.
Биылғы жылы Арқалық қаласында "Әділет" органына жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін 18 нысан тіркелді. 4 нысанның құжаты әзірлену үстінде. 11 нысан ағымдағы жөндеуді қажет етеді. Бағдарлама арқылы осы мақсатқа 310435,0 мың теңге қаржы бөлінген. Құрылысты жүргізетін мердігер компаниялар анықталған.
– Қазіргі таңда үйлердің жертөлелері қоқыстан тазартылып, ескі құбырларды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. 400 тоннадан астам қоқыс сыртқа шығарылды. Мердігерлер өз істерін тыңғылықты атқаруға күш салуда. Қажетті құрылыс материалдары үсті – үстіне әкелініп жатыр, – дейді қалалық тұрғын үй инспекциясының басшысы Бауыржан Бақытұлы.
Сондай – ақ, ілкімді бағдарлама аясында көпқабатты үйлерге 42 ортақ жылу есептегіш қондырғысы орнатылмақшы.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы.