Спартакиадаға санаулы күндер қалды

Облыс әкімінің орынбасары Серік Бектұрғанов Сарыкөлде жұмыс сапарымен болды. Билік өкілі   алдағы  спартакиадаға орай жаңартылып  жатқан стадиондағы жөндеу жұмыстарымен  танысты.  
Облыс әкімінің орынбасары ССпорт нысандарындағы оң өзгерісті байқаған Серік Бектұрғанов атқарылған ауқымды жұмыстарға көңілі толатынын жеткізді.
Аудан әкімі Эльдар Күзенбаевтың айтуынша,  қазіргі таңда спартакиада аясында  өтетін спорттың барлық түріне арналған алаңдар сақадай сай. Шараның  ашылу және жабылу салтанаты биыл ерекше болмақ.
Облыс әкімінің орынбасары жұмыс  сапарының соңында аудан активінің басын біріктіріп, облыстық спартакиадаға  қатысушыларға арналған  жатын орындар мен,  тамақпен қамту мәселесі жайында кеңейтілген жиын өткізді.
 
Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы  

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓