ҚАЛАДАҒЫ ҚАРЫМДЫ ТІРЛІК

Баспаналы болудың бастамасы
Рудныйда пандемияға қарамастан жоспарланған тұрғын үй және жол құрылыстары кестеге сай жүргізіліп келеді.IMG_20200911_133221
Былтыр Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында қаланың 39-шы кварталында 50 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілген болатын. Кілттерді табыстау сәтіне Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов те қатысып, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қолға алынған қарымды істерге оң бағасын берді.
– Аймақта тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келе жатқанына куә болып отырсыздар. Ауқымды жұмыстың басты мақсаты – азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету. 2019 жылы облыс бойынша 335 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 10 пайызға жоғары. Алдағы уақытта игілікті іске Рудный қаласы да қомақты үлесін қосатындығына сенімдімін, – деді аймақ басшысы.IMG_20200911_133530
IMG_20200911_133541Араға 9 ай салып дәл осындай үлгідегі қызыл кірпіштенсоғылған тағы бір көпқабатты үй бүгінде толық салынып бітті. Рудный қаласы әкімінің орынбасары Әнуар Есқатовтың айтуынша, жалпы ауданы 3900 шаршы метрді құрайтын ғимараттың құрылысына республикалық бюджеттен 470 миллион теңге бөлінген.
–Сәтін салса, бас мердігер «РудныйСоколовҚұрылыс» ЖШС үйді осы айдың соңына дейін толық тапсырады. Қазіргі таңда барлық ішкі әрлеу жұмыстары аяқталып, жарық, жылу, кәріз, электр желілері жеткізілген. Ал арбаға таңылған азаматтар үшінпандус пен баспалдақ алаңында арнайы көтергіштер қарастырылған. Пәтерлер кезекте тұрған көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға үлестіріледі. Ескере кететін жәйт, бұл баспаналар арендалық, яғни жеке меншікке берілмейді, –дейді Әнуар Қорғанбекұлы.
Бес қабатты тұрғын үй 10 бір бөлмелі, 20 екі бөлмелі және тағы 20 үш бөлмелі пәтерден тұрады. Бөлмелері кең, әрі жарық, еденге линолеум төселіп, қабырғалары тұсқағазбен жабыстырылған.IMG_20200911_133338
– 39-шы шағын ауданға жоспар бойынша 10 жаңа тұрғын үй тұрғызуды жоспарлағанбыз. Бұл –соның екіншісі. Тағы да 60 пәтерлі үш үй тұрғызу бойынша келісім бар, жер дайын. Бюджеттен қаржы бөлінген сәттен іске кірісеміз, – дейді қала әкімінің орынбасары.
 
Жолдың «жыры» біте ме?
Рудный қаласында биыл жолдарды жөндеугеқомақты қаражат бөлініп, бұрын-соңды асфальт көрмеген жерлерге асфальт төселді. Әсіресе, жеке сектор тұрғындарының қуанышында шек жоқ.IMG_20200911_132819
– «Шанхай» деп атап кеткен аудандағы Володарская көшесінде 20 жылдан бері тұрып келемін. Дәл осы жерде кең асфальт жол пайда болады десе ешқашан сенбес едім. Өйткені, әкімдіктің бар назары, әдетте, қаланың басты көшелерінде. Сондықтан бізөте бақыттымыз, алғыстан басқа айтарымыз жоқ, – дейді зейнеткер Сакен Тұрысбек.
Мердігер «ВАН» ЖШС мамандары суық ресайклинг әдісі бойынша да Қазақ тілі, Сарыарқа, Парк, Фрунзе, Корчагин, Қашар, Топорков көшелеріндегі 250 мың шаршы метр тас жолды жаңартты.
Ресайклинг немесе ескі асфальтты қайта кәдеге жарату технологиясы Рудныйда өткен жылдан бастап қолданылып келеді және өзінің тиімділігін көрсетіп үлгерді.
– Бұл әдістің ерекшелігі – ескі жол қабатының 75 пайызы қайта өңделіп, пайдаланылатынында. Біз оны шешіп алып, суық ресайкілеп, жабыстырғыш материалдарды қосып, қайта төсейміз. Жабыстырғыш материалдардың құрамында цемент болады, соның арқасында топырақ тұрақтандырылады, –дейді серіктестік басшысы Артур Абрамян.
Суық ресайклинг технологиясы арқылы ескі төсемді қыздыру қажет емес. Бұл қуатты үнемдеу жағынан да, қоршаған ортаны қорғау жағынан да маңызды. Сондай-ақ, аталған әдіс асфальт-бетон қызметін орташа алғанда 3-5 жылға ұзартады.
 
Восточная жаңа кейіпте
Бүгінде қаладағы құрылыс жұмыстары Восточная көшесінде де қызып тұр. Бұл аумаққа заманауи жол салып, жарық жүргізу халықтың көптен бергі тілегі болатын.IMG_20200911_132333
– Көшені жаңғыртуға республикалық бюджеттен 156 млн теңге бөлінді. Мердігер «Вакхстрой» ЖШС абаттандыруды мамыр айында бастады және қазан айына дейін аяқтауы тиіс. Жоба бойынша бұл жердің инженерлік желілері жаңартылды, Парк және Ленин көшелерін жалғайтын су жаңа асфальт жол төселіп, жаяужол мен көше шамдары бой көтерді, – дейді Әнуар Есқатов.
Серіктестік мамандары жол салумен бір мезетте жарық диодты көше шамдарын да тұрғызып, оны қуат көзіне қосуда.
Келесі жылдың көктемінде абаттандыру жалғасын тауып, коммуналдық сала қызметкерлері көшені көгалдандыруға көшпек.
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓