Күн тәртібінде – Жаңа Еңбек Кодексі
Рудный қаласына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдері келді. Басты мақсат – жыл басында қабылданған жаңа Еңбек Кодексінің орындалу барысымен танысып, осыған қатысты халықтың ұсынысы мен тілегін тыңдау.




– Заңды әзірлеген министрлік мереке немесе демалыс күндерінде атқарылған жұмыс үшін өтемақы көлемін 1,5 коэффиценттен 1,25-ке азайтуды ұсынғанда халық қалаулылары бірден наразылық танытты. Себебі бұл қарапайым халықтың табысын азайтып, әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етеді. Көптеген дискуссиядан кейін бұл нормалар ескі күйінде қалды, – деді ол.
Айта кетейік, заң жобасын әзірлеу кезінде жұмысшы тобында болған «ССКӨБ» АҚ Кәсіподақ комитетінің төрайымы Татьяна Шерстобитованың көптеген ұсыныстары да ескерілусіз қалмады. Бұл, әсіресе, көп жылдар еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан жұмыскерлердің әлеуметтік жағдайына қатысты болды.


Дөңгелек үстел барысында комбинаттың жетекші мамандары да еңбек қатынастарына қатысты көкейдегі сұрақтарын қойып, қонақтардың тарапынан тиісті жауаптарын алды.
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ