“Үміт” сыйлаған үміт

Кембағал жандар «Үміт» қоғамдық бірлестігіне ұдайы шексіз алғысын білдіреді. Осы орталықтың орындап жатқан оң әрекеттеріне облыстағы барлық мүмкіндігі шектеулі азаматтар дән риза. Олардың құқығын қорғау тұрғысында бірлестік қабырғасында қыруар шаруа тындырылуда. Әлеуметтік жобалардың да жемісін көріп жатырмыз дегенді айтады мүмкіндігі шектеулі жандар.      умит
«Үміт» қоғамдық бірлестігі үлкендермен ғана жұмыс істемейді. Ол төменгі буын өкілдерін толғандырған түйткілдердің де түйінін тарқатуға үлес қосуда. Мысалы, «Алтын жүрек» жобасы мүмкіндігі шектеулі мектеп оқушыларының жазғы демалысын тиімді өткізуді көздеген болатын. Аудандарды аралап, ондағы азаматтарға да кеңестерін берді. «Кедергісіз келешек» аякциясы аясында жастарды жұмысқа орналастырғаны да қаперімізде.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓