Ыбырай – мәңгі өшпес шырақ
Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығы облыста жоғары деңгейіде аталып өтілуде. Ағартушының есімі берілген білім ошағында да бүгін сан түрлі шаралар өткізіліп, оған оқушылар белсене қатысты. Олар бір күнді ұлы ұстазға арнады.
Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты бүгінгі күнге барынша дайындалған. Оқушылар түрлі сайыстарға қатысып, оза шауып, бәйге алуда.
–Бүгін мектебімізде үлкен той десе де болады. Себебі, біз бір жыл бойы Ыбырай атамызға арналған түрлі шараларды өткізіп келдік. Бүгін сол шаралардың қорытындысы ретінде ерекше байқауларды өткізудеміз. “Данадан қалған дара сөз” – өзге ұлт өкілдері арасында мәнерлеп өлең оқудан жарыс, “Мәңгілік өшпес мұра” – Ы. Алтынсариннің шығармаларын сахналау, “Таза бұлақ” жас ақындар мүшәйрасы сияқты тағы да басқа байқаулар өтіп жатыр. Мұның бәрі де ұлы ақынның артында қалдырған өшпес байлығын жас ұрпаққа дәріптеу, – дейді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұргүл Садуақасова.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА
Куттыктаймын!