Ауқымды акция аудандарда жалғасуда

“Саламатты Қазақстан” бағдарламасын іске асыру аясында елімізде “Денсаулық жолы” акциясы бастау алды. Осыған орай, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының мамандары тамыз айы бойы облыстың әр аудан, қалаларын аралап, тұрғындармен кездесіп, семинарлар мен дөңгелек үстелдер, тренингтер өткізуде.фото рис  и конф  питание 005
-Биылғы “Денсаулық жолы” акциясы туберкулез бен ВИЧ/СПИД дертін ауыздықтауға, оның алдын алуға арналып отыр. Жақында ғана біз Федоров пен сарыкөл аудандарында болып қайттық. Жергілікті халықпен кездесіп, оларға әлеуметтік маңызы бар аурулар туралы кеңінен әңгімелеп, тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын тегін буклеттер тараттық. Сондай-ақ, басқосуларда дәрігерлер де ауыл тұрғындарына денсаулықты сақтау, кез келген аурудың алдын алу, скринингтік тексеруден өту, және басқа да тақырыптар бойынша кеңестер берді. Енді алдағы аптада Қарабалық ауданына барғалы отырмыз.жалпы, бұл акция тамыз айының аяғына дейін жалғаспақ, – дейді облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының валеологы Рабиға Наукенова.
 
Қарлығаш ОСПАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓