Маңызы зор меморандум

Eurasian Resources Group (ERG) компаниясы мен облыс әкімдігі 2019 жылы әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру бойынша екі жақты әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Құжатта өңірдегі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру және шағын кәсіпкерлікті несиелендіру туралы келісімдер қамтылған. Меморандум аясында ERG тарапынан қаржыландырылатын жобалар саны артып, жалпы сомасы 3,7 млрд теңгеге жуықтады. 2018 жылы әлеуметтік жобаларға 2,9 млрд теңге инвестиция құйылған болатын. Құжатқа ERG Бас атқарушы директорының бірінші орынбасары Алдияр Қазтаев пен Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қол қойды.IMG_8790
Еуразиялық Топ ERG кәсіпорындары орналасқан моноқалаларда кешенді әлеуметтік зерттеулер жүргізген. Компания қызметкерлері мен осы елді мекен тұрғындары арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі ерекше назар аударуды қажет ететін өзекті мәселелерді айқындап берді. Осы әлеуметтік зерттеу негізінде ҚР Үкіметі бекіткен аймақтарды дамытудың үш жылдық бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын маңызды әлеуметтік жобалар әзірленіп, оларды жүзеге асыру жолдары ұсынылған. Олар республикалық және жергілікті бюджетпен қатар Eurasian Resources Group тарапынан да қаржыландырылмақ. Бүгін қол қойылған Меморандум да осы әлеуметтік зерттеулер нәтижесі мен үшжылдық бағдарлама негізінде әзірленген.IMG_8791
Қалыптасқан дәстүрге сәйкес қаражат Қостанай облысындағы әлеуметтік маңызды жобаларға, аймақты әлеуметтік-экономикалық дамытуға, оның инфрақұрылымын, соның ішінде Eurasian Resources Group-тің «Туған жер – Родные города» бағдарламасы аясында дамытуды көздейді.
Былтырғыдай Меморандумға ERG кәсіпорындарының қызметкерлері ұсынған нысандар да енгізілген. Олардың қатарында Арқалық қаласында балалар ойын алаңдарын орнату, Лисаковск қалалық жағажайын абаттандыру сынды ERG Инноваторларының ІІІ форумында жеңіске жеткен жобалар бар.IMG_8804
2019 жылы Топ кәсіпорындары орналасқан Қашар мен Октябрь сынды шағын елді мекендерге ерекше көңіл бөлінбек. Ауылішілік жолдар мен мәдениет үйлері жөнделіп, спорт алаңдары орнатылады.
– Қазан айындағы жолдауы мен NUR OTAN партиясының съезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ел тұрғындарының өмір сапасын арттыру кезектігін баса айтты. Президент елдің тұруға жайлылығы – қолжетімді баспана, қауіпсіз аула, тұруға қолайлы әрі жайлы инфрақұрылым екенін ұдайы айтып келеді, – деді ERG Директорлары кеңесінің төрағасы Александр Машкевич. – ERG Қазақстанда жұмыс істеп келе жатқан 25 жыл ішінде өз миссиясын бұлжытпай сақтап, тек компания қызметкерлері ғана емес, кәсіпорын орналасқан өңірлердің тұрғындарына да қамқорлық жасап келеді. Топ қаржыландырған әрбір жоба қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған.IMG_8841
Қаражат Рудный қаласының жылу желілерін күрделі жөндеуге, сондай-ақ, қаладағы жолаушылар тасымалын жақсарту үшін 7 автобус сатып алуға жұмсалмақ.
Лисаковск қалалық стадионы қайта қалпына келтіріліп, Қашар кентінің ауруханасына 2 жедел жәрдем көлігі сатып алынады. Рудныйдың қалалық ауруханасын да жабдықтау көзделген. Осы қаладағы балабақшалар мен мектептердің шатырын жөндеу жоспарда бар.IMG_8816
ERG балаларға сапалы білім беру – инвестицияның ең озық тәсілі екенін ескере отырып, Рудный индустриалды институты мен Рудныйдағы тау-кен технология колледжі,  құрылыс және көлік колледждерін, Лисаков қаласындағы техникалық колледждің  материалды-техникалық базасын нығайту жобаларын да қаржыландырмақ.
Осы орайда, Еуразиялық Топ 15 жыл бойы ERG кәсіпорындары орналасқан Ақтөбе, Қостанай мен Павлодар облысының әкімдіктерімен аймақтағы әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру жөнінде Меморандумдар жасасып келе жатқанын айта кеткен жөн. Соңғы 5 жылда (2014-2018ж) Еуразиялық Топ Қазақстанда қайырымдылық пен демеушілікке 107 млрд теңгеден астам қаражат жұмсаған.
 
Нұрқанат Құлабаев
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓